Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімін ұзартты

Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.    Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын. … Әрі қарай оқу Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімін ұзартты